Брамонтова Светлана Павловна 04.03.1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында, жұмыскер отбасында дүниеге келді.
1977 жылы Ю.А.Гагарин атындағы №10 мектепті бітірді, сол жылы
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтына түсті.
1983 жылы жоғарыда аталған институтты үздік дипломмен бітіріп, таралу бойынша МСБ «Карбид» ө/б учаскелік терапевт-дәрігер еңбек жұмысына кірісті.
1987 жылы ҚазССР денсаулық сақтау Министрлігі Теміртау медициналық училищесінің тәжірибелік оқу меңгерушісі қызмет жұмысына ауысты, қосымша «Ішкі аурулар» пәнінен сабақ берді, аз уақыт оқу ісі жөнінде директордың орынбасары болды.
1997 жылдан бастап ЖММ «Теміртау медициналық колледж» директоры.
2004 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей институтын бітірді.
«Алтын дәрігер» омырау белгісі, «Денсаулық үздігі» омырау белгісі – марапаттары бар.
ҚБ «Теміртау қ. орта медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің Ассоциациясы» төрайымы.
2016 жылдан бастап облыстық маслихат депутаты болып сайланды, халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметті-мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссия мүшесі.
Тұрмыста. Камелет жасқа толған екі баласы бар.